Жұмысшылардың үстіне кранның құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жұмысшылардың үстіне кранның құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Жұмысшылардың үстіне кранның құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні сағат 16.40 шамасында Степногорскіде құрылыс краны құлап, салдарынан екі жұмысшы 16-18 метр биіктіктен құлап кетті.
32 жастағы дәнекерлеуші Степногорск қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. 45 жастағы монтажшы оқиға орнында мерт болды.