Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Жетісу облысында жол жабылды: жүргізушілерге ескерту жаcады
Фото: istockphoto.com
231
оқылды

Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жариялады.

«30.07.2026 ж. сағат 21:45-тен бастап Жетісу облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы су өткізу құрылысында анықталған ақауларды жою жұмыстарына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін KZ 05-02 «Көктал–Жаркент–Қорғас» кірме жолының 313–319 км аралығында (Үшарал ауылының бұрылысынан Диханқайрат ауылына дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы «Жаркент–Шулақай–Алматы–Шелек–Қорғас» бағыты бойынша ұйымдастырылады. 

Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.