Қатысушылар қазақстандық өндірісті дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және өзекті кадр мәселелерін талқылады.
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмысы Ақтөбеде жалғасуда
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
220
оқылды

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбеде еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасын тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.

Ақтөбеде Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» Демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы «Глобал – Спецодежда» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы - отандық бизнесті қорғауға және қолдауға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасы.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері еліміздегі өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту жағдайын жақсарту бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын білдірді.