Қазақстандық Дияр Аманәлі грек-рим күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында топ жарды.
Дияр Аманәлі – чемпион!
319
оқылды

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың фи­налын­да Кеве Ковачты (Венгрия) жеңді. Осылайша, алтын жүлдегер атанды.

Жарыс барысында Дияр Аманәлі Грекия өкілі Николаос Зинисті, Ресей балуаны Эдем Пайзиевті, Грузия спортшысы Георгий Кеделидзені және Болгария өкілі Данимир Йордановты жеңіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді.