Қазақстан құрамасының өкілдері Ки­рилл Герасименко мен Ескендір Харки Өз­бек- станның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүл­дегер атанды.
Үстел теннисінен күміс жүлде
269
оқылды

Қазақстандық үстел теннисшілер ерлер арасындағы жұптық сында күміс медаль жеңіп алды.

Турнир барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық жұп Ресей спортшылары Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберді.