Акцияға қатысушылар елді мекендегі қоғамдық аумақтарды тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмысына атсалысты.
«Ауыл» партиясы «Таза ауыл» экологиялық акциясы өткізді
178
оқылды

Бүгін Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округінде «Таза ауыл» экологиялық акциясы өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Самал Нугманова мен Камшат Тулеуова қатысты.

Экологиялық акция «Auyl Jastary» жастар қанатының өкілдерін, ауыл тұрғындары мен белсенді жастарды біріктірді. Қатысушылар елді мекендегі қоғамдық аумақтарды тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмысына атсалысты.

Іс-шара барысында кандидаттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды. Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ азаматтарды 23 тамыз күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.