Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Беларусь өкілі Евгений Долголевецті жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Бекбауовтың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Долголевец бұған дейін WBA Inter-Continental белбеуінің иегері болған.
Бекбауов допинг офицерлеріне өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты үш рет бермегені үшін әуесқой бокстан 2027 жылғы 17 қарашаға дейін шеттетілген.
