АҚШ пен Иран қақтығысында шешуші басымдыққа ешқайсысы жете алмай отыр
АҚШ пен Иран тығырыққа тірелді: ешбірі жеңіске жете алмайды – The Wall Street Journal
320
оқылды

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс жаңа деңгейге көтерілді. The Wall Street Journal хабарлағандай, Вашингтон соңғы күндері Иран аумағына әуе соққыларын күшейтті.

Иранмен одақтас Йемендегі хуситтер Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазындағы кемелерге шабуыл жасай бастады. Бұл мұнай тасымалына қауіп төндіріп, мұнай бағасының барреліне 100 доллардан асуына әсер етті.

АҚШ Иранның ядролық нысандары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін екенін ескертті. Иран да Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздары арқылы өтетін теңіз жолдарына қысымды күшейтуде.

Сарапшылардың пікірінше, екі тарап та әскери күш арқылы шешуші басымдыққа жете алмай отыр. Сондықтан соғыстың ұзаққа созылу және бүкіл Таяу Шығысты қамту қаупі арта түсті.