Рәсім Петропавл қаласында өтті
230-ға жуық ұландықтар әскери ант қабылдады
381
оқылды

Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінде 1-2026 шақырылымының 230-ға жуық жас сарбазы салтанатты түрде Әскери ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге серт берді.

Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалғаннан кейін жас жауынгерлер Әскери ант мәтінін оқыды.

Іс-шара барысында әскери бөлім басшылығы сарбаздарды құттықтап, әскери анттың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жас сарбаздар аналарына арнап әсерлі ән орындап, ата-аналарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар ата-аналарымен және туған-туыстарымен кездесіп, сейілдемеге жіберілді. Бұл күн жас жауынгерлердің әскери өміріндегі маңызды белес әрі елге деген адалдықтың айқын көрінісі болды.