Shafaq News басылымының мәліметінше, ұйым бұл қаражат қозғалыс мүшелері мен жақтастарының ерікті қайырымдылықтары есебінен жиналғанын хабарлаған.
Трампқа қастандық жасаған адамға 10 миллион доллар уәде етілді
389
оқылды

Иранды қолдайтын «Ирактағы исламдық қарсылық» қарулы тобы АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасаған адамға 10 миллион доллар сыйақы берілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәлімдеме Трамптың 2020 жылы АҚШ-тың Бағдадтағы әуе соққысынан қаза тапқан ирандық генерал Қасем Сүлеймани мен ирактық қолбасшының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандиске қатысты айтқан пікірінен кейін жарияланған.

Сондай-ақ бұған дейін CNN Израиль тарапы АҚШ билігіне Иран тарапынан Трампқа қастандық жасалуы мүмкін екені туралы барлау мәліметтерін бергенін хабарлаған. Алайда Вашингтон бұл ақпаратты әзірге тәуелсіз түрде растаған жоқ.