Майами қаласындағы Miami Stadium аренасында Франция мен Англия құрамалары кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ойын Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.
Кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Франция жартылай финалда Испаниядан 0:2, ал Англия Аргентинадан 1:2 есебімен жеңіліп, қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.
Бұл матч Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойын болмақ. Ал команда капитаны Килиан Мбаппе турнирдегі тоғызыншы голын соғып, әлем чемпионатының үздік сұрмергені атануға талпынады.
Әлем чемпионаттары тарихында Франция мен Англия үш рет кездескен. Англия екі рет жеңіске жетсе, соңғы ойында, 2022 жылғы мундиальдың ширек финалында Франция 2:1 есебімен басым түскен.
