Бұдан былай жол салуда топырақ, су және жануарлар дүниесін қорғауға басымдық беріледі. Нормативті 2026 жылдың соңына дейін бекіту, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап оны қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Жаңа норматив дайындалуда
фото: www.istockphoto.com
276
оқылды

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұс­тау және пайдалану кезеңдерінің барлығына бірыңғай экологиялық талаптарды белгілейтін ве­домстволық нормативті әзірлеп жатыр.

Құжат бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабатын сақ­тау, жерүсті және жерасты суларының қор­ғалуын қамтамасыз ету, ластаушы заттар шыға­рын­дылары мен шаң түзілуін азайту, шу дең­гейін төмендету, өндіріс және тұтыну қалдық­та­рын ұтымды басқару, сондай-ақ құрылыс жұ­мыстары аяқталғаннан кейін бүлінген ау­мақ­тарды қалпына келтіру талаптары қарас­тырыл­ған.

«ҚазжолҒЗИ» мамандарының айтуынша, эко­логиялық қауіпсіздік бүгінгі таңда заманауи жол инфрақұрылымы сапасының ажырамас бө­­лігіне айналуы тиіс. Жаңа норматив автомобиль жолының өмірлік циклінің барлық ке-

зең­ін­де бірыңғай талаптарды енгізуге, қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға және жол жобаларын іске асыру кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету­ге мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін жол саласы қызметінің эко­логиялық аспектілері тек ұсыныс сипаттағы құ­жаттармен реттеліп келді және міндетті талап ре­тінде қолданылған жоқ. Әзірленіп жатқан нор­матив енді бұл талаптарға міндетті түрде орын­далуға тиіс құжат мәртебесін береді.

Нормативте су ресурстарын қорғауға ерекше на­зар аударылған. Жоба құрылыс алаңдарында жерүсті суларын бұру жүйесін ұйымдастыруды, лас­танған суларды тазартуды, тазартылмаған ағын сулардың су объектілеріне төгілуіне жол бер­меуді, сондай-ақ мұнай өнімдері төгілген жағ­дайда жедел әрекет ету шараларын көздейді.