Бір қылмыстың азаюы – бір адамның қауіпсіздігі, бір отба­сы­ның тыныштығы. Абай облысында соңғы жарты­жыл­дық­та құқықбұзушылықтар санының төмендеуі құқық қор­ғау органдарының профилактикалық жұмысы мен же­дел әрекетінің нәтижесін көрсетті. Ендігі басты міндет – осы үрдісті сақтап, халықтың полицияға деген сенімін одан әрі нығайту.
Заң үстемдігі – қауіпсіз қоғамның кепілі
293
оқылды

Қоғамның тұрақтылығы мен аза­­­мат­тардың қауіпсіздігі заң үстем­дігіне ті­келей байланысты. Құқық­бұзу­­шы­лық­тың азаюы – жай ғана ста­тис­ти­ка­лық көрсеткіш емес, адам­дардың күн­де­лікті өміріндегі ты­ныштық пен се­нім­нің көрінісі.

Абай облысында 2026 жылдың ал­­ғашқы жартыжылдығының қоры­тын­­дысы бойынша қылмыс дең­гейі­нің тө­мендегені байқалады. Өңір­де тіркел­ген қылмыстар саны өт­кен жылдың сәй­кес кезеңімен са­лыстырғанда 355 де­рекке азайған. Был­тырғы жартыжыл­дықта 2 141 қыл­мыс тіркелсе, биыл бұл көрсет­кіш 1 786-ны құрады. Бұл – құ­қық қор­­ғау органдарының алдын алу жұ­­­мыстары, жедел қызметтердің үй­­ле­­сім­ді әрекеті мен қоғамдық қауіп­­сіздікті қамтамасыз ету бағы­тын­дағы жүйелі шаралардың нәти­жесі.

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидаты бүгінде құ­­қық қорғау саласының негізгі ба­ғы­ты­на айналды. Бұл ұстанымның түп­кі мақ­саты – заң талаптарын сақ­тау мә­дениетін қалыптастыру, аза­маттардың құқықтарын қорғау жә­не қауіпсіз орта құру.

Жақында Абай облысы Полиция де­­партаментінде өткен жедел кеңес­те өңір­дегі құқықтық ахуал сара­ла­нып, ал­да­ғы кезеңнің міндеттері ай­­­­­қын­дал­ды. Департамент бастығы, по­лиция пол­­­­ковнигі Эльдар Да­нияров­тың төра­ға­лығымен өткен жиын­ға құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық полиция бө­­­­­лімдерінің басшылары қатысты. Кеңес­те кел­тірілген мәліметтерге сәй­кес, өңірде ауыр және аса ауыр қыл­мыс­тар саны азайған. Соның ішінде адам өлтіру деректерінің екі есеге қыс­қаруы профилактикалық жұмыстардың кү­­шейгенін көрсетеді. Мүліктік қыл­­мыс­тар бойынша да оң өзгеріс бар. Алаяқ­тық фактілері 815-тен 622-ге дейін төмендеген. Ұрлық де­рек­терінің азаюы да тұрғындардың қауіп­сіздігін қам­тамасыз ету ба­ғы­тын­дағы шаралар­дың тиімділігін аң­ғартады. Алайда құ­қық қорғау са­­­­ласының нәтижесін тек қыл­мыс са­­нының төмендеуімен баға­лау жет­кі­ліксіз. Маңызды көрсеткіштің бірі – жасалған қылмыстарды ашу са­пасы.

Абай облысында негізгі бағыттар бойынша қылмыстарды ашу көрсет­кіш­­­­­тері жақсарған. Бұл полиция қыз­­ме­­тіндегі жеделдік, тергеу са­па­сы және бө­лімшелер арасындағы өзара байла­ныстың артқанын біл­діреді.

Қылмысты ашу – тек кінәліні анық­­тау емес. Ол қоғамдағы әділет­тілік се­зі­мін қалыптастырып, аза­мат­­тардың мем­лекетке және құқық қор­ғау орган­дарына деген сенімін күшейтеді.

«Әрбір алды алынған қайғылы оқи­­ғаның, әрбір ашылған қыл­мыс­тың жә­не құтқарылған әрбір адам­ның ар­тында полиция қызмет­кер­лері­нің күн­делікті еңбегі жатыр. Бір­ақ кез келген көр­сеткіштің ең бас­ты бағасы – тұр­ғын­дардың өз қауіп­сіздігін сезінуі және по­лицияға сенім артуы», – деді Абай об­лысы Полиция департаментінің бас­тығы Эльдар Данияров.

Бұл сөздің астарында құқық қор­ғау жүйесінің басты міндеті жа­тыр. По­ли­ция­ның жұмысы тек қыл­мысты тіркеу не­месе ашумен шек­тел­мейді. Негізгі мақ­сат – құқық­бұзушылықтың алдын алу, азамат­тар­дың құқығын қорғау жә­не қауіп­сіз қоғам қалыптастыру. Кеңес ба­ры­сында әлі де назар аударуды қа­жет ететін бағыттар талқыланды. Олардың қатарында бұрын жасалған ашылмаған қылмыстарды тергеу сапасын арттыру, профилактикалық жұмысты жетілдіру, атқарушылық тәртіпті күшейту және цифрлық тех­­нологияларды кеңінен пай­да­лану мәселелері бар.

Қазір технология құқық қорғау са­­ла­­сы­ның маңызды құралына ай­налып отыр. Бейнебақылау жүйе­лері, зама­науи аналитикалық плат­­­­фор­малар мен цифрлық шешімдер по­лиция жұмы­сы­ның тиімділігін арт­тырып, қылмыстың алдын алуға мүм­кіндік береді.

Абай облысындағы жартыжыл­дық қо­рытынды құқық қорғау сала­сын­да оң үрдістер бар екенін көрсет­ті. Қыл­мыс­тың азаюы, ашылу көр­сет­кіш­те­рі­нің жақсаруы және про­филактикалық ша­ралардың күшеюі өңірдегі қауіп­сіз­дік жүйесінің ны­ғайып келе жатқанын аң­ғартады. Бас­ты өлшем – сан емес, се­нім. Өйт­кені қауіпсіз қоғамның негізі – заңға құрмет пен азаматтың өз мем­ле­ке­тіне деген сенімі.

Э.Жүрсін