2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
259
оқылды

Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, бел­сен­ді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учас­келерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының аза­маттары енгізіледі.

Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті ат­қару­шы органға берген олардың өтініші негізінде дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей немесе 2026 жылғы 23 шілдеге дейін енгізіледі.

Әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.

Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға тиісті әкімдіктің ин­тернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы нақты сайлау учас­кесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. 

Сайлаушыларға қолайлы болуы үшін электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы