Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында салынып жатқан Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Болашақ музейде интерактивті экспозициялар, зертханалар және тақырыптық аймақтар жұмыс істейді. Мұнда балалар тәжірибе жасап, ғылыми эксперименттер жүргізіп, заманауи технологиялардың көмегімен білім ала алады.
Қазіргі уақытта нысанда құрылыс, аумақты абаттандыру және жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.
Дархан Сатыбалды құрылыс сапасы мен жобаның белгіленген мерзімде аяқталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Әкімнің сөзінше, Балалар ғылым музейі балалар мен олардың ата-аналары үшін заманауи білім беру кеңістігіне айналып, Алматының жаңа тартымды орындарының бірі болады.
