2026 жылғы тамызда жеткізілетін алтын фьючерстерінің құны COMEX биржасында бір трой унциясы (шамамен 31,1 грамм) үшін 4 150 АҚШ долларынан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сауда алаңының мәліметінше, Қазақстан уақытымен сағат 17:40-та алтын бағасы 1,76%-ға өсіп, бір трой унциясы 4 154,2 АҚШ долларына жеткен.
Ал сағат 17:50-дегі жағдай бойынша өсім біршама баяулап, тамыз айындағы алтын фьючерстерінің бағасы 1,36%-ға жоғарылап, бір трой унциясы 4 138,1 АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар 2026 жылғы қыркүйекте жеткізілетін күміс фьючерстерінің бағасы да 2%-ға өсіп, бір трой унциясы 61,72 АҚШ долларына жетті.
