Әскери бөлімдердің аумағында жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған оқу орындары ұйымдастырылды.
Қарулы Күштерде оқу-жаттығу аясында жауынгерлік іс-қимылдар пысықталды
317
оқылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шаралар барысында әскери қызметшілер әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру кезіндегі іс-қимыл тәртібін пысықтап, жауынгерлік даярлық бағдарламасында көзделген ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін орындады.

Әскери бөлімдердің аумағында жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған оқу орындары ұйымдастырылды. Жекелеген бөлімшелер оқу-жауынгерлік міндеттерді далалық жағдайда пысықтау үшін әскери полигондар мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасады.

Сабақтар жоспарлы оқу сипатында өтіп, далалық машықтану деңгейін арттыруға, әскери басқару органдарының, құрамалар мен бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігінің белгіленген деңгейін сақтауға бағытталды.

Жауынгерлік әзірліктің тұрақты жоғары деңгейін сақтау – мемлекетті қорғау жөніндегі міндеттерді тиімді орындаудың негізгі шарттарының бірі. Осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және түрлі жағдайларда шешім қабылдау жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.