Бұйрық 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Электр энергиясына арналған шекті тариф бекітілді
фото: www.istockphoto.com
428
оқылды

Энергетика министрі  25 маусымдағы бұйрығымен электр энергиясына арналған шекті тарифті және электр қуатының дайындығын қолдау қызметіне арналған шекті тарифті бекіту қағидаларына толықтырулар енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атап айтқанда, қағидалар мынадай тармақпен толықтырылды: уәкілетті орган электр энергиясына арналған шекті тарифті жеті жылдық кезеңге айқындау кезінде, сондай-ақ электр энергиясына арналған шекті тарифті кейінгі жылдарға түзету барысында, электр энергиясына арналған шекті тарифтерге тиісті өзгерістерді бекітпес бұрын, оларды Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қарауына жібереді.

Бұйрық 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.