Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Шымкентте мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған блогер қамауға алынды
фото: www.istockphoto.com
291
оқылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері блогер мен үш сыбайласы қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ cілтеме жасап.

Олар әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан.

– Жедел  шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды, – делінген хабарламада.

Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында тәртіп бұзды деп, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заңбұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

–  Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен, – деп хабарлады ішкі істер органдарынан.