Астана қаласында басталған таеквондодан Kazakhstan Open рейтингтік турнирінде ересектер арасында Қазақстан командасы 3 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Самирхон Абабакиров (-68 кг)
Батырхан Төлеуғали (-87 кг)
Бейбарыс Қабылан (+87 кг)
Ақтық сында Самирхон тунистік таеквондошы Фарес Боужемайды айқын басымдықпен ұтты. Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының чемпионы, Африка ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Фирас Катуссиді (Тунис) жеңді.
Ал аса ауыр салмақтағы Бейбарыс өзбекстандық атлет, биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Марат Мавлоновтан тағы басым түсті.
Ересектер арасындағы Қазақстан командасы бүгін 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль еншіледі. Бұл жалпыкомандалық есептегі 2-орын.
Жалпы есеп:
1. Түркия (6 алтын, 1 күміс, 10 қола)
2. Қазақстан (3 алтын, 3 күміс, 7 қола)
3. Өзбекстан (2 алтын, 4 күміс, 1 қола)
4. Тунис (1 алтын, 2 күміс, 3 қола)
5. Беларусь (1 алтын, 1 күміс, 2 қола)
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жарыс жастар арасындағы бәсекемен жалғасады. Kazakhstan Open G-1 санатындағы жарыста Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай беріліп жатыр.
Турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
