Бұл медианың қоғамдық ұстанымдар мен түсініктерді қалыптастырудың маңызды факторы ретінде қабылданатынын айғақтайды.
Сауалнама: қазақстандықтардың 48,5%-ы БАҚ гендерлік көзқарасты қалыптастырады дейді
241
оқылды

Қазақстанда жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің басым бөлігі (48,5%) бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін ерлер мен әйелдердің бейнелері қоғамдағы гендерлік болжамдарға ықпал етеді деп санайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл медианың қоғамдық ұстанымдар мен түсініктерді қалыптастырудың маңызды факторы ретінде қабылданатынын айғақтайды.

Респонденттердің 43%-ы мұндай ықпалды жоққа шығарады. Бұл олардың медиа әсеріне деген жалпы көзқарасын немесе қоғамдық болжамдар отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, кітаптар және басқа да әлеуметтік институттар арқылы қалыптасатынына деген сенімін білдіруі мүмкін.

Пікірлердің әралуандығы халықаралық тәжірибеде де байқалады. Мысалы, АҚШ-та жүргізілген зерттеулерде респонденттердің 50%-ы медиа гендерлік стереотиптердің орнығуына ықпал етеді деп есептесе, 14%-ы бұл пікірмен келіспейді, ал 37%-ы бейтарап ұстанымда.