Дәрігерлер олардан безгектің екі түрін – тропикалық және үш күндік безгекті анықтаған.
Алматыда қауіпті безгек ауруының төрт жағдайы тіркелді
287
оқылды

Жыл басынан бері Алматы қаласында безгек ауруының шетелден әкелінген төрт жағдайы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Науқастардың бірі іссапармен Габонға барып келген болса, екіншісі Вьетнамда демалып қайтқан. Дәрігерлер олардан безгектің екі түрін – тропикалық және үш күндік безгекті анықтаған.

Мамандардың айтуынша, тропикалық безгек аурудың ең қауіпті түрі саналады. Уақылы емделмеген жағдайда ол миға, бауырға, бүйрекке және тыныс алу жүйесіне зақым келтіріп, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Ал үш күндік безгек салыстырмалы түрде жеңіл өтеді. Дегенмен оның қоздырғышы адам ағзасында ұзақ уақыт сақталып, бірнеше айдан кейін қайта белсенділенуі ықтимал.

Қазіргі уақытта екі науқас та стационарда ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер диагноздардың зертханалық түрде расталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар эпидемияға қарсы қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Алматы тұрғындары үшін инфекцияның таралу қаупі жоқ екенін хабарлады.