Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жігіттің өліміне найзағай соғуы себеп болған.
Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды
315
оқылды

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жігіттің өліміне найзағай соғуы себеп болған.

– 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлім атмосфералық электр тогының әсерінен, яғни найзағай соғу салдарынан болған, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.