Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді.
Қазақстанның қай өңірінде күн өте ыстық екені белгілі болды
289
оқылды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтілетінін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Метеорологтердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді.

Сондай-ақ елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжануда.

Алматы, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында аптап ыстық сақталады. Бұл өңірлерде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Алматы облысының солтүстігінде сынап бағаны +40 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ең күрделі жағдай Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында күтіледі.