ЖШС басшысына іздеу жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Техникалық қадағалау жасайтын компанияның басшысына іздеу жарияланды
www.istockphoto.com
243
оқылды

ШҚО мен Абай облысы аумағындағы жеті нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген компания басшысына іздеу жарияланды. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған деген күдікке ілінген. Салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келген, - деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап

Ведомство таратқан ақпарға сай, компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.

Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген.

"Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Одан бөлек тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталған. "Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.