Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Фото: Ақорда
158
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті. 

Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды. 

Сондай-ақ Президент Исламабад өңірлік қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға елеулі үлес қосуын жалғастыра беретініне үміт артатынын жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Пәкістанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растап, Премьер-министрдің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.