Сот үкімі заңды күшіне енген.
Батыс Қазақстанда білім мекемесінің есепшісі 9 миллион теңге қаржыны жымқырған
191
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында білім саласындағы мекеме есепшісінің бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Тасқала аудандық білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағы бойынша, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданған.

Соттың 2026 жылғы 6 мамырдағы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапкершілік жүктелетін лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Жымқырылған қаражат толық көлемде мемлекет бюджетіне қайтарылды.