Кездесуде Aманат партиясының «Əділет» партиясына қосылу барысы талқыланды.
«Әділет» партиясы халықаралық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді
193
оқылды

«Әділет» партиясының өкілдері халықаралық ұйым сарапшыларымен кездесіп, партиялық жүйенің дамуы мен сайлау үдерістеріне қатысу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Əділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу жəне сол департаменттің аға кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті

Басқосу барысында тараптар Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы, саяси ұйымдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы жəне партиялардың сайлау барысына қатысу мəселелерін талқылады. Кездесуде Aманат партиясының «Əділет» партиясына қосылу барысы талқыланды.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері аталған үдерісті іске асырудың ұйымдастырушылық жəне құқықтық аспектілеріне қызығушылық танытты. Жиынға қатысушылар демократиялық институттарды одан əрі дамыту жолында ашық диалог пен тəжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 маусымда өткен «Əділет» партиясының II съезінде делегаттар «Aманат» партиясының «Əділет» партиясына қосылуын бірауыздан қолдаған еді.