Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді.
Былтыр шалғай ауылдардағы 530 медицина маманын қолдауға 4,5  миллиард теңге қаржы бөлінді
Фото: Ақорда
249
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Жалпы, мемлекет дәрігерлерді құқықтық тұрғыдан қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді.

Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді.

Осындай шаралардың арқасында медицина саласындағы кадрлық ахуал да тұрақтала түсті.

Сондай-ақ шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді», – деп атап өтті Президент.