Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соңғы үш жылда ана өлімі 35%, ал сәби өлімі 24% қысқарды – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда
258
оқылды

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады.

Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.

Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.

Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.

Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды», - деді Президент.