Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті. Оның магнитудасы 3,5 балл болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.
Олардың мәліметінше, жерасты дүмпулері 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,5 балды құрады. Жерасты дүмпуінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
"Гипоорталықтың координаттары: солтүстік ендіктің 38°35′24″ және шығыс бойлығының 49°33′0″", – делінген хабарламада.
Бұл – 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізі акваториясында тіркелген 34-жер сілкінісі. Аталған өңірдегі бұған дейінгі жерасты дүмпулерін қазақстандық сейсмологтар 10 маусым күні тіркеген болатын.
