«Әділет» партиясы мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды жалғастырады

«Әділет» партиясы "AMANAT" партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтты.

Партияның парақшасында, біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың мүддесіне сай жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатын қолдау деп қабылдаймыз, – делінген  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде алдымызда халықтың игілігі үшін еңбек ету, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ету, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, елдегі оң өзгерістерді қолдау секілді ортақ мақсат тұр. «Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның даму жолындағы құндылықтарын қолдайтын барша азаматқа ашық. Біз бірге халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету жұмысын жалғастырамыз,  деп жазылған саяси партияның арнайы ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.