Осы уақыт ішінде құтқарушылар 91 жыланды ұстап, қауіпсіз аймаққа жіберген. Ал 53 жағдайда жылан табылмаған. Қазіргі таңда жылан шағу деректері тіркелмеген.
Күн ысығалы Шымкентте жыландар тұрғын үйге кіре бастаған
192
оқылды

Шымкентте күннің ысуына байланысты жыландар тұрғын үйлер мен аулаларда жиі көріне бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жылан шығуына байланысты 144 шақырту тіркелген.

Осы уақыт ішінде құтқарушылар 91 жыланды ұстап, қауіпсіз аймаққа жіберген. Ал 53 жағдайда жылан табылмаған. Қазіргі таңда жылан шағу деректері тіркелмеген.

Мамандардың айтуынша, жыландар көбіне жеке үйлердің аулаларында, жертөлелерде, табалдырық маңында және қалың шөп арасында кездеседі. Негізінен полоз және май жылан түрлері ұшырасады. Олар көбіне тышқан мен құстар мекендейтін жерлерге жақын жүреді.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жылан немесе басқа да қауіпті жәндіктерді көрген жағдайда өз бетінше әрекет етпей, бірден құтқарушыларға хабарласуға кеңес береді.

Айта кетейік, жылан аулау маусымы сәуірден қазан айына дейін жалғасады. Өткен жылы осы кезеңде қалада 200-ге жуық шақырту түсіп, 116 жылан ұсталған.