"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапары барысында Жезқазғанның бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралап, олардың іске асырылу барысымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдарламаның негізгі бөлігінің бірі "NAMYS" балалар-жасөспірімдер спорт академиясына бару болды. Құны 8,1 млрд теңге болатын жоба 150-200 тәрбиеленушіге есептелген. Заманауи спорт кешенінің ауданы 5 мың шаршы метрден асады.
Мұнда Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан келген балаларға сапалы білім беру және спортқа кәсіби даярлау жұмысын ұштастыру үшін барлық жағдай жасалатын болады.
"NAMYS "СК" қоры Жезқазған өңірінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның спорт секцияларынан 3 мыңнан астам бала өтті. Ал бүгінде 700-ден астам жас спортшы тұрақты негізде түрлі спорт түрімен айналысады. Академияның ашылуы осы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Руслан Өскенәлі сондай-ақ Кеңгір су қоймасы бойындағы жағалау құрылысының жобасымен танысты. Құны 3,4 млрд теңгеге жуық жаңа қоғамдық объектінің екінші кезеңі Ұлытау облысының әкімдігі мен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС арасындағы меморандум шеңберінде іске асырылатын болады. Облыстық мешітпен бірге жағалауда демалыс, серуендеу және мәдени іс-шаралар өткізу үшін заманауи қоғамдық кеңістік қалыптасады.
Нысандарды аралау барысында Руслан Өскенәлі өңірді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған барлық жобаны сапалы және уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.
"Қазақмыс" корпорациясы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және өңірлерді дамыту компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірістік жобалармен қатар компания Ұлытау облысының тұрақты дамуына ықпал ете отырып, спорт, мәдениет, білім беру және қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салуға инвестиция салады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
