Еліміздің әр аймағынан келген 1 500-ге тарта делегат қатысып жатыр.
«AMANAT» партиясы әрдайым Президенттің бастамаларын қолдап келе жатыр – Дидарбек Ділдәбек
359
оқылды

Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясының  кезекті XXVI съезі  өтіп жатыр. Жиынға еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы  Дидарбек Ділдәбек бүгінгі жиынның маңызын айтып берді.

– Бүгінгі съезд біз үшін өте маңызды. Еліміздің әр аймағынан келген 1 500-ге тарта  делегат қатысып жатыр. Мұнда «AMANAT» партиясының осы күнге дейін атқарылған жұмысының есебі беріліп, болашақтағы мақсат-міндеттері, жұмыстары айқындалады. Өткенде ғана партияның саяси кеңесі өтіп, біраз ақпарат шыққан болатын. Оның анық-қанығы съезден кейін белгілі болар.

Оның үстіне,  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4 маусым Рәміздер күнінде Прогрессивті саяси күштердің бірлесе отырып, бір мүддеде қызмет етуге шақырған болатын. «AMANAT» партиясы әрдайым Президенттің қоғамдық көмекшісі болып, бастамаларын қолдап келе жатыр. Дәл осы мәселе күн тәртібіндеп талқыланып, айтылған ақпараттың төңірегінде болады деп ойлаймын.  Оған дейін бірдеңені дөп басып айту мүмкін емес, съездің шешімі қандай болатынын күтейік, – дейді ол.