Бүгін «AMANAT» партиясының XXVI съезі өтіп жатыр.
Елдің дамуы үшін жұмыла жұмыс істеп жатырмыз – депутат
245
оқылды

Өтіп жатқан съезд туралы Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Ғалымжанұлы пікір білдірді.

«2023 жылдың 7 ақпанында партияның XXV съезі өткен болатын. Сол уақыттан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Нәтижелі жұмыстарға баға беріледі. Ең маңыздысы, партияның болашақта атқаратын жұмыс жөнінде айтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рәміздер күнінде еліміздегі саяси күштерді еліміздің дамуына жұмыла жұмыс істеуге шақырған болатын. Осы бағытта ауқымда жоспарлар Саяси кеңесте қаралып, талқыланды»,  деді Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Ғалымжанұлы.

Айта ктейік, съезде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Еркебұлан Зағыпаров  өңірлерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқан болатын.