Апат Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Баяш Өтепов ауылының маңындағы "Өскемен – Бозанбай" тасжолында болған. Соның салдарынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Chevrolet Cobalt пен Mitsubishi Pajero автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.
– Ал Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Қазіргі оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
