Алматыдағы хайуанатта бағына келушілердің бірі жануардың назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. Енді ол сол үшін жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Жануарларға қандай да бір зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жануарларға күйзеліс тудырып, денсаулығына кесірін тигізуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жинап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған. Қазір қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.
Зообақ өкілдері келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға үндеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
