Қосшы қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлестіру арқылы жаңа бизнес нысанын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Бабалиев» ЖК-ның құқықтарын қорғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 500 миллион теңгені құрайды, сондай-ақ 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Инвестордың өтінішін қарау барысында бизнес нысанын электр желілеріне қосу мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келгені анықталды.
Мәселені жедел шешу мақсатында қала прокуратурасы «АРЭК» АҚ және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Жан-жақты талқылау нәтижесінде уәкілетті органдар техникалық шешім тауып, қажетті рұқсат құжаттарын жедел түрде берген. Қазіргі таңда инвестордың нысаны электрмен жабдықтау жүйесіне толық қосылды.
Ақмола облысының прокуратурасы еске салады: егер сіз инвестор болып, әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз, 8 (705) 129-11-40 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуыңызға болады.
