Метеорологтердің мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап тұр.
Бірнеше өңірде ауа температурасы +40°С-қа дейін көтеріледі
164
оқылды

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 11, 12, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандар циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағайлы жаңбырлар, желдің күшеюі, дауыл және бұршақ жаууы мүмкіндігін айтты.

Қатты жаңбыр күтіледі:

11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында,

11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.

Сондай-ақ  ауа температурасы жайлы ақпарат та берілді:

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

"Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.