Қуанышты жаңалығымен спортшы Instagram парақшасында бөлісті.
"Еңбек етсең, бәрі мүмкін": Елдос Сметов туралы кітап шықты
167
оқылды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің өмір жолы мен спорттағы жетістіктері туралы жазылған кітаптың жарық көргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, «Төзім. Сенім. Жеңіс» атты кітапта спорттағы жеңісі мен жеңілісі, күмәні мен сенімі, арманы мен мақсаты қамтылған.

«Бұл кітап – тек мен туралы емес. Бұл – арманына адал болған әрбір жас спортшы туралы. Қандай қиындық кездессе де, мақсатыңа сеніп, еңбек етсең, бәрі мүмкін екенін дәлелдейтін өмір жолы», – деп жазды Елдос Сметов.

Сондай-ақ ол осы жолда қолдау көрсеткен отбасына, бапкерлеріне, жанкүйерлеріне және барша қазақстандықтарға алғыс айтып, кітап оқырмандарға жігер беріп, өз арманына жетуге шабыт сыйласа, соны ең үлкен марапат санайтынын жеткізді.