Арнайы комиссия өндірістегі ауыр жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда.
«Қолынан айырылды»: Қостанайдағы кәсіпорында болған жазатайым жағдай  тергеліп жатыр
фото: www.istockphoto.com
265
оқылды

Қостанай облысындағы балық өңдеу кәсіпорнында болған ауыр өндірістік жарақатқа байланысты арнайы тергеу  жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорын қызметкері өндірістік еттартқышпен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алып, оң қолынан айырылған.

Облыстық Еңбек инспекциясы департаменті жазатайым оқиға туралы ақпарат ведомствоға биыл 8 мамырда түскенін хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, Еңбек заңнамасына сәйкес мұндай жағдайлар арнайы тергеуге жатады.

Жарақаттың ауырлық дәрежесі жөніндегі ресми медициналық қорытынды 28 мамырда алынғаннан кейін, 29 мамырда арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдері енгізілді.

Қазір комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша, материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.