Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынған.
Қазақстан халқы бес жарым жылда зейнетақы қорынан 5,8 триллион теңгеден астам қаржы алды
314
оқылды

Соңғы бес жарым жыл ішінде қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу шығынын өтеуге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының 5,8 триллион теңгеден астамын пайдаланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынған. Сол жылы азаматтар зейнетақы қорынан шамамен 2,6 триллион теңгені мерзімінен бұрын шешіп алған.

2022-2023 жылдары қаражат алу көлемі төмендегенімен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш қайта өсім көрсетті. Ал 2025 жылы алынған қаржы көлемі 1 триллион теңгеден асты.

Сарапшылардың айтуынша, осы кезеңде тұрғын үй мен емделуге жұмсалған қаражат көлемі азаматтарды болашақта зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі мақсаттағы сомадан едәуір асып түскен. Кейбір жылдары қордан алынған қаражат көлемі қорға түскен зейнетақы жарналарынан да жоғары болған.