8 маусымда Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында күн райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Абай облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында түнде таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста және таулы аудандарда шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аудандарда оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл ауданында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Қарағанды облысында күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Күндіз солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік желдің екпіні күндіз батысында және солтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ұлытау облысында күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
