Қазақстан мен Армения құрамаларының арасында өткен ойында ел күтпеген нәтиже тіркелді

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні Венгрияға қарсы өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесуде тең нәтиже көрсетті. Матч 1:1 есебімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Ойынның 50-минутында Максим Самородов есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда араға үш минут салып, 53-минутта Эдуард Сперцян жауап голын соғып, таразы басын теңестірді.

Осылайша Армения мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу тең есеппен аяқталды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні Венгрияға қарсы өткізеді. Матч қонақта өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.