Ақима апайдың оқу жылы аяқталып келе жатқанда қатты мазасызданатыны бар. Бұл шә­кірт­терін қимағандығынан емес.
Соңғы қоңырау
283
оқылды

Түлектерден түсетін тиын-тебен мен сый-сияпаттың түр-түрін елестетіп, ұйқысының ұйқы-тұйқысы шығады. Ауыр күрсініп, мектепте күні бойы тұнжырап жүреді. Әріптестерінен сыр тар­тып, түлектердің сынып жетек­ші­леріне сый-сияпат жасауға әрекеттерінің бар-жоғына барлау жасайды. Жақсы хабар шықса, жадырап қалады.

Сол күні жетекшілігіндегі сыныптың бір оқушысы кездесіп қалды. Қасында анасы бар. 

– Апай! Сәлеметсіз бе?

– Ой, айналайын! Қалайсың? Не жаңалық? – деп елп ете қал­ды.

– Жаңалық сол, биыл ұстаз­дары­мызға гүл тапсырайық деп жатырмыз.

– Гүлі несі? Бір күнге де жет­пей солып қалатын гүл кімге ке­рек? Одан да еске алып жүре­тіндей сыйлық ойластырмай­сыңдар ма?

– Мәселен?

– Мәселен, алтын алқа, ал­тын сырға дегендей...

– Мен ата-аналармен ақыл­дасып көрейін. Расында, ойла­натын тірлік екен, – деді оқушы қыздың анасы. 

Арада бірнеше күн өткенде, ата-аналар Ақимаға келді.

– Апай! Біз де бұрынғы ата-аналардың ізімен сізге сыйлық жасамақ едік. Не қалауыңыз бар?

– Айналайындарым сол! «Сыйға берген аттың тісіне қара­ма» дейді ғой бұрынғылар. Қа­лау­ларың білсін, – деп арқаны кеңге салғандай болды.

Ата-аналар, қамқоршылық ке­ңесі тыраштанды. Ата-ана­ларынан теңге жинала бастады. Олар келіп, Ақиманың сыр сандығын ақтарып көрді. Ақима көптен бері алтын алқаға қол жеткізе алмай, әріптестері ал­дында жерге кіріп кетердей ұя­лып жүр екен. Бұл ата-аналардың да жүректерін дір еткізді. Бар­лығы ақылдасып арман болған алқаны алып беруге уәделесті. 

Соңғы қоңырау болатын күн­ді Ақима асыға күтті. Ол да са­ғын­дырып жетті. Міне, мектептің ал­ды құлпырып тұр. Әсем әуен әуелей түсіп, бойға ерекше бір шы­мыр құяды. Әншейінде, білім ұясына қалаған киімдерімен келетін түлек­тер, бүгін ерекше кейіп­ке еніпті. Барлығы бірдей мек­теп фор­масымен жарасып жүр. 

Мектеп директоры  соңғы қоңырау салтанатымен құттық­тап, мерекені ашып берді. Сол-ақ екен, думан қызып жүре берді. «Мектепті қашан бітірер екенбіз. Осы ағайлар мен апайлар-ақ шар­шатып бітті» деп жүретін тентектер мектепті жүдә қимай тұрғандай салмақтана қалыпты. Қыздар жылағансып, көздерін сүрткіштейді. Салтанат қоры­тын­дысында  мұғалімдерге, сы­нып жетекшілеріне десте-десте гүл сыйланды. Олар бұл құрметке кәдімгідей көңілдері босап, көз­деріне жас алып қалды.

Ақима апайдың өтінішімен оған гүлмен бірге алтын алқа сый­лануға тиіс еді. Барлығы ой­лана келе алтын алқаны сырт көз­ден тысқары гүл арасына са­лып тапсыру жоспарланған бола­тын. Бірақ бұл қырсық дегенді қойсаңшы. Біреуі әдейі бос сала салған ба,  апайға гүл тапсырыла  бергенде арасынан сыңғыр етіп, алтын алқа домалап түсті.  Жұрт аңтарылып қалды. Алтын алқа жерде жарқырап жатыр. Ал Ақи­ма апай оны жерден көтеріп ала­рын да, алмасын да білмей абды­рап тұр.

Жұрт дабырласып кетті. Гу-гу әңгіме үдеді. Апай сасқалақтап:

– Жаратқан беремін десе осы­­лай да бере салады. Ой­лама­ған жерден алқалы болдым, – деп еңкейіп сыйлығын алып жатты.

– Иә, Жаратқан берді. Жы­латқан алды, – деп мысқылдады Серік.

Тіліңе шешек шыққыр -ай!  Әжептеуір ұстаз еді. Ал не болды енді?

Сабырбек ОЛЖАБАЙ