2025 жылдың қорытындысы бойынша, өңірге 609 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте кейінгі екі жылда өңірдің негізгі капиталына инвестициялар көлемі екі есеге жуық өскен. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы шеңберінде СҚО-да 10,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 64 бастама жүзеге асырылуда.
Qyzyljar АЭА – өңірдің өнеркәсіптік өсуінің негізгі орталықтарының бірі. Қазір 8 субаймақта 21 қатысушы өз жобаларын жүзеге асыруда. Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-ға бару қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қолданыстағы және әлеуетті инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды.