Желі қолданушылары өнерлі жұпты құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Әнші Жандос Қаржаубай ұлды болды
Фото: YouTube
264
оқылды

Әнші Жандос Қаржаубайдың үшінші сәбиі өмірге келді, - деп жазды Aikyn.kz.   

Өнер иесі ұлды болды. Бұл туралы әншінің жұбайы Жұпар Садақбаева өзінің желідегі парақшасында жариялады.

"Әлемімізге қош келдің, Сардар батырым!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнерлі жұпты құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

"Ғұмырлы болсын", "Бақытты балапан болсын, құтты болсын", "Бауы берік болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.