Облыстық Білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді.
"Жұлқылап, сүйреген": балабақша тәрбиешісінің балаларға көрсеткен дөрекілігі тексеріліп жатыр
фото: www.istockphoto.com
285
оқылды

Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекілік танытқан сәттері түсірілген кадрлар тарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты

Видеодағы әйел баланы қолынан сілке тартып, үстелге қарай сүйреп апарады. Бұл кадрлар желі қолданушыларының арасында алаңдаушылық тудырып, олар құзырлы органдардан тиісті шара қолдануды талап етті. 

Мән-жайды Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсіндірді. Олардың мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегіне  қатысты полициямен қылмыстық іс қозғалған.

– Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция бейнежазбаларды зерттеуде. Облыстық Білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.