Талдықорғандағы көшелердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, оның кім екені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицияның мәліметінше, мәйіт 56 жастағы жергілікті тұрғындікі болып шықты. Ол спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтынатын адам ретінде профилактикалық есепте тұрған. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.
Ер адамның мәйітін таңертең жұмысқа шыққан коммуналдық қызметкер Қабанбай батыр көшесі бойынан байқаған. Ол оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған.
— Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр, — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
